Астана күнінде «жанды ескерткіштер» көшеге шығады

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Астанада елорданың төл мерекесі – қала күніне арналған шараларға дайындық басталып кетті.

Соның бірі ? «жанды ескерткіштер» шарасы қала мерекесінің сәні мен базарын арттыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жанды ескерткіштер» шілденің 4-і-6-сы күндері Сарыарқа, ЦУМ және Mega centre сияқты ірі сауда үйлерінің алдындағы алаңдарға және қала көшелеріне шығып, көпшілікпен жүздесетін болады. «Жанды ескерткіштердің» әрқайсысының қазақ елінде, елорда тарихында өзіндік орны бар. «Жанды ескерткіш»-әртіс белгілі бір образды сомдайды. Тастан қашалған немесе қоладан құйылған ескерткіштерден айырмашылығы ? олар образға лайық костюм киіп, соған сай гримм салып шығады. Мұндағы мақсат ? мүсін өнеріндегі body art деп аталатын актерлік, сахналық және хореографиялық өнерді, сондай-ақ body painting өнерін жұртшылық алдында көрсету. Жанды мүсіндерді, яғни жанды қуыршақтарды Киевтің жанды мүсіндер театрының кәсіпқой әртістері мен хореографиялық дайындықта шыңдалған аниматор-әртістер бейнелейтін болады.