Оның айтуынша, ақылы шараларға арналған билеттердің құны 1 мыңнан 25 мыңға дейінгі аралықта болады. Оларды қаланың концерттік ғимараттарының кассаларынан, сауда үйлеріндегі арнайы орындардан сатып алуға болады. Сондай-ақ, биыл шақыру билеттері болмайды, өйткені осы жылғы мерекелік шаралардың ақылы түрлері өзін-өзі ақтауға екпін беріліп отыр.
Сонымен қатар, Б. Мажағұловтың айтуынша, мереке күндері өтетін 70-ке жуық шаралардың көбі тегін болады.
«Біз былтырғы мерекелік шаралардың қортындысы бойынша әлеуметтік сауалнама жасап, биыл негізгі басымдықты көшеде өтетін шараларға беруді жөн деп таптық. Сондықтан биыл қала саябақтарының барлығында мереке күндері іс-шаралар ұйымдастырылады. Оларға кез келген адам келе алады», - деді ол.