Шара таңертеңгі сағат 10-00-де Салтанат сарайының алдындағы алаңнан басталып, «Астана-Арена» стадионының алдында мәреге жетеді. Бағыттың ұзындығы 4600 метр.
Веложарысқа елімізді әлемге танытып жүрген велошабандоздар, белгілі спортшылар, эстрада жұлдыздары, мәдениет қайраткерлері, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысады. Додаға Астана мерекесін атап өтуге атсалысқысы келген барлық азаматтар, қала тұрғындары, қонақтар қатыса алады. Велосипедтерді жалға алуға болады.
Көрермендер мен жарысқа қатысушыларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағыт бойында медициналық көмек көрсету бекеттері жұмыс істейді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар белгіленген.