Астана күніне арналған мерекелік шаралардың қорытынды гала-концертіне көрермендер бағыттық және арнайы шығарылатын автобустармен жете алады
арнайы ұйымдастырылған автобустар жеткізіп салатын болады.
«Астана - Арена» жаңа стадионының аумағындағы тұрақта орын санының аздығын ескере отырып, көлік кептелісін болдырмау мақсатында, жол полициясы жекеменшік көлік иелеріне қоғамдық көлікке ауысуға кеңес береді», - деп атап өтті бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаев.
Б.Малыбаевтың айтуынша, Орталық стадионға жолаушыларды арнайы автобустар жеткізіп салатын болады. Оларға отырғызу сағат 16:00-ден бастап «Бәйтерек» монументі, Астаналық цирк, Қаржы министрлігі мен «Отан қорғаушылар» монументі алдындағы алаңдарда жүргізіледі. Бір бағыттағы билеттің құны - 100 теңге. Автобус колонналарына жол полициясының машиналары еріп жүретін болады.
Жол полициясы өкілінің сөзіне сенсек, арнайы автобустар кері бағытта, мерекелік шара орнынан соңғы жолаушы жеткізілгенге дейін қатынай бермек. «Ешбір адам далада қалмайды», - дейді ол.
Сонымен қатар, Орталық стадионға Қабанбай батыр даңғылы бойымен №12, 18, 21, 27, 28, 30, 35, 40, 41, 42, 43 және 47-ші бағыттағы автобустар еш кедергісіз жүретін болады.
Б.Малыбаев, Астана күнін мерекелеу басталған шілденің 1-інен бастап елорданың жол полициясы күшейтілген қызмет режіміне көшкендігін жеткізді. Жол бойындағы қауіпсіздікті 400 қызметкер қамтамасыз етуде.