деп хабарлайды аталмыш штабтың баспасөз қызметі.
Еріктілер қатарына бос уақыты бар жасы 16-дан жоғары қала тұрғындары кіре алады. Еріктілер ауқымды концерттік бағдарламаларға қызмет көрсетеді, шетел қонақтары мен туристерді күтіп алу, шығарып салу, сондай-ақ мерекелік шараларда үйлестіру жұмыстарына қатысатын қосымша күш болады. Кастинг 16-24 маусым күндері Жастар сарайында сағат 15 - 18 аралығында өтеді.