Астана күніне орай мұражайда домбыра party ұйымдастырылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 шілде күні сағат 20.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана күніне және Ұлттық музейдің 1 жылдығына орай «Мәңгілік ел» атты концерт өтеді.

Мерекелік шарада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков жетекшілік ететін «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі және «Серпер» күйшілер тобы өнер көрсетеді.

Ал домбыра party сағат 19.00-де ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды мұражайдың баспасөз қызметінен.