Астана күніне орай Өскеменде қандай шаралар өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – 6 шілде – Астана күніне орай, Өскеменде бірқатар шара жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сол жағалау кешенінде сәндік-қолданбалы өнер шеберлері 12:00-ден 16:00-ге дейін көрме-жәрмеңке ұйымдастырады.

7 шілде күні сағат 17.00-де Жамбыл саябағында «Ертіс концерт» мекемесінің шығармашылық ұжымдары мен солистерінің қатысуымен «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік концерт өтеді.

8 шілде сағат 17:00-де Этносаябақта жергілікті өнерпаздар «Астана – арман қалам» тақырыбында концерт қояды.

«Сондай-ақ, 14 шілдеге дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Астана уақыт призмасы арқылы» атты көрмені тамашалауға мүмкіндік болады. Көрмеде қаланың қазіргі кезге дейін қалай өзгергендігі көрсетіледі. Мереке күндері Астана қаласының тарихы мен естелік орындары туралы викториналар да ұйымдастырылады», - делінген ақпаратта.