Мереке қарсаңында Астана қаласы Әділет департаменті тәжірибелі заңгерлердің басын қосып, қала маңындағы кенттерде, әлеуметтік мекемелерде зейнеткер, мүгедек жандарға сотталушыларға заңдық жағынан тегін көмек көрсету үшін арнайы ақпараттық насихат тобын құрды. Топқа Әділет департаментінің жауапты қызметкерлері, қаланың Көші-қон полициясы мен Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Жылжымайтын мүлік орталығы" РММ-нің қызметкерлері, Адвокаттар алқасы, Нотариалдық палата, Сот актілерін орындау департаменті және қаланың басқа да мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері қатыстырылды. Акция аясында ақпараттық насихат тобы Көктал-2 кенті тұрғындарымен кездесті. Жиында заңгерлер заңдық кеңес беріп қана қоймай, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, кездесуде көтерілген мәселелердің шешілуін бақылауға алатынын жеткізді. Кент тұрғындары мұндай іс-шараға ризашылықтарын білдірді. Акция «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдауында жалғастырылатын болады.
11:15, 03 Шілде 2014
«Астана күніне» орай заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана күніне» орай Әділет органдары мерекеге өз үлесін қосу үшін қайырымдылық акцияларын өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.