Астана күніне орай қалалық перфоманс фестивалі өтеді

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана күніне орай 5-6 шілде күндері елордада қалалық перфоманс фестивалі өтеді. 

Қала әкімдігінің мәліметінше фестиваль кезінде елорданың көшелері, саябақтары мен алаңдары бір үлкен сахнаға айналады.

Ауқымды шара аясында қала көшелерімен әртістер шеруі және ашық алаңдарда көше қойылымдары өтеді.

Екі күнге созылатын бағдарламаға Астана, Алматы және Мәскеу қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысады.