НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» футбол командасы албаниялық қорғаушы Энео Битримен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энео Битри 1996 жылдың 26 тамызында сол елдің Берат қаласында дүниеге келген.
Бұдан бұрын өз елінде «Томори», «Партизани» және «Камза» клубтарында доп тепті.
Өзінің кәсіби мансабында ол Албания чемпионы атағына қол жеткізіп, ел кубогының иегері атанған.
«Мен «Астанамен» бірге үлкен жеңіске жеткім келеді. Барлық мақсаттқа қол жеткізуге үлес қосуға тырысамын. Мен клуб пен қала туралы көп естідім. Маған Нұр-Сұлтан ұнады. Шын мәнінде заманауи және әдемі қала екен», - деді албаниялық футболшы.
Айта кетсек, «Астана» сапынан Араздат Ароян Испанияның «Кадис» клубына ауысқан еді.
Энео Битри командада сол футболшының орнын алмастырады деп күтілуде.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.