Астана құрылысы

Фото: ҚазАқпарат

ҚазАқпарат «Тарихи фото» айдарында Астана қаласының құрылысы туралы әңгімелейді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы ел астанасына қойылатын бірнеше талаптарға сай келмеді: қала орталықта емес, елдің оңтүстік-шығысында Қырғызстан және Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. Қаланың экологиялық және сейсмикалық жағдайы да нашар.

Жаңа астананы таңдаған кезде Назарбаев 32 критерийді ұстанды: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдайлар, даму перспективалары, адам ресурстары және басқалар.

1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылдады. Құрылыс жоспары бойынша бірінші кезеңде Ақмолада 175 нысанның құрылысы жоспарланса, оның 102-сі 1996 жылы аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бірақ бастапқыда климаттық жағдайға және құрылысшылардың тәжірибесінің болмауына байланысты құрылыс баяу жүрді. 1997 жылы 10 желтоқсанда астананы көшіру туралы түпкілікті шешім қабылданды. Ақмоланың жаңа астана ретінде халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.