«Астана» құрлықтық командасының велошабандозы «Тур де л'Эн» көпкүндігінде 11 орын алды

АЛМАТЫ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Велоспорттан 7-11 тамызда Францияда 24-ші «Тур де л'Эн» көпкүндігі өтті.

5 кезеңнен тұратын бұл дүбірлі сайыста «Астана» құрлықтық командасының намысын Қайрат Байғудиновтың жетекшілігімен 7 спортшы қорғаған болатын. Жалпы жіктелімде Алексей Луценко 11-ші, Даниил Фоминых 28-ші, Назар Жұмабеков 49-шы, Александр Шушемоин 92-ші орын алды. Ал Никита Өмірбеков пен Арман Камышев жарыс жолын толық аяқтай алмады. Онда үздіктер көшін  американдық Андреу Талански мен испаниялық Даниэл Наварра бастады.