Бейсенбі күні Белле - Монреаль-ля-Клюз аралығындағы 154,5 шақырымдық 3-ші кезеңде «Астана» құрлықтық командасынан ең жоғары нәтижеге Алексей Луценко қол жеткізді. Таулы жіктелімде бірінші орында келе жатқан ол, жарыстың жалпы жіктелімінде қазір үздік ондықты түйіндеп тұр. Оның командалас серіктерінен бұл тізімде Александр Шешемоин 69-шы, Арман Камышев 70-ші, Даниил Фоминых 72-ші, Никита Өмірбеков 73-ші, Назар Жұмабеков 77-ші орында келеді.
Cейсенбі күні басталған бұл байрақты бәсекенің сенбі күні 5-кезеңі өтеді. Сен-Клод пен Лелекс аралығындағы бұл сайыс 132,4 шақырымды құрамақ. Қазір негізгі жіктелімде «STB» командасының испаниялық велошабандозы Даниел Наварро 9 сағат 28 минут 4 секундпен көш бастап келе жатыр. Одан А.Луценко 15 секунд қана артта келеді.