Атап айтқанда, «Фасад Экспо» ЖШС-ның «Миллениум парк» ТК құрылысын жүргізіп жатқан үш жұмысшысы 3-қабаттан құлап кетті.
Сондай-ақ Ирченко және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан нысанда 12 сәуір күні 14 сағат 15 минутта «Фасад Экспо» ЖШС-ның үш жұмысшысы 9-қабаттан құлады. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Осы күні 15 сағат 50 минутта Орынбор және Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы мектеп құрылысында монтаждау жұмыстарымен шұғылданып жатқан «Либхер групп» ЖШС жұмысшысы байқаусызда 9 метрлік биіктіктен құлаған. Ол ауруханаға жеткізілді.