09:43, 02 Сәуір 2009
Астана құрылыстарында төтенше оқиғалар орын алды, құрбан болғандар бар
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат – Сенбі күні Астананың құрылыс нысандарында бір құрылысшы қаза болып, тағы бір адам жарақатпен ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға «Алматы» ауданында салынып жатқан «Алтын Ғасыр» нысанында орын алды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Политрен-Астана» ЖШС-ның 23 жастағы құрылысшысы 25 метр биіктіктен құлап кетіп, алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ Б.Момышұлы даңғылында бой көтеріп келе жатқан «Есептік-кассалық орталық» нысанында жоғарғы қабаттан «Камал-Строй» ЖШС-ның 33 жастағы монолитшісінің үстіне темір қалып құлап түсті. Құрылшысы жарақат алып, ауруханада жатыр.