Алтын күздің есік ашқанын, күннің суытқанын сезінгенімен кейбір елорда тұрғындары оның тамаша көріністеріне көз тоқтата бермейтін де болар.
Уақыт үнемі алға жылжып, әлем маусым сайын түрленіп отырмақ . Бұл табиғаттың заңы. Әсіресе, сұлу күздің көріністері көздің жауын алып, қызықтыра өзіне тартады. Ендеше, ҚазАқпарат оқырмандарын елордадағы табиғаттың осынау тамаша сәттеріне көз тоқтатып, оның тылсым күшін сезінуге шақырады.