деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінде елорданың алдағы жылу беру мауысымы аясында «Астанаэнергосервис» АҚ кіретін компаниялардың бастамасымен қаладағы жылу-энергетикалық және электротехникалық жабдықтарды, сондай-ақ магистральді және қала ішіндегі су құбырлары жүйесін күрделі жөндеуден өткізу үшін 939,4 млн. теңге қарастырылған. Оған қоса, «Астанаэнергосервис» АҚ өз қаражатына 1,578 млрд. теңге көлеміндегі инвестициялық жобаны қолға алып отыр.
Атап айтқанда, «Астана-Энергия» АҚ 581,749 млн. теңгеге ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің қосымша жабдықтарын жөндеуден өткізсе, «Астана-Жылутранзит» АҚ 3,2 шақырымның жылу жүйелерін ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстарға 197 млн. теңге қарастырылған. Ал «Қалалық электр желілері» АҚ 60 млн. теңгеге трансформаторлар мен басқа да электр желілерді жөндеуден өткізбек.
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде қаладағы 263 пәтер иелері кооперативтерінің 189-ы және жеке меншік сектордағы 1781 үйдің 1290 -ны жылу науқанына дайын. Бұл жалпы дайындықтың 70 пайызына тең.