Салтанатты шараға қатысқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Бүгінгі көрмені Астанадағы қырғыз әсерлері деп айтуға болады. Астананы күндіз де, түнде де, жылдың төрт мезгілінде де шын жүрекпен, туысқандықпен, достық көзбен қарай білген адамдардың жүрегінен ғана осындай картиналар шығады деп ойлаймын», - деп атап өтті.
Астананың халықаралық қоғамдастықтағы жеке брендін паш ету мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Қырғызстанның танымал 17 қылқалам шеберінің 70-тен астам туындысы қойылған.
Шараға Қырғызстанның мәдениет министрі Қазақстандағы елшісі, суретшілері, еліміздің сыртқы істер министрлігінің лауазымды тұлғалары, халық қалаулылары, елордада тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері қатысты.
Көрме маусымның 26-сына дейін жалғасады.