Айта кетерлігі, 2017 жылдың соңына дейін елорданың екі аймағында шамамен 9 мың орынға арналған ақылы көлік тұрақтары ашылатын болады. Бұл тұрақтарға көлікті 1 сағатқа қалдыру құны 100 теңгені құрайды. Ал бұл тариф паркингтерге қолданылмайды.
«Паркингтерге көлік қалдыру құны көшелердің бойында орналасқан ақылы тұрақтардың құнынан айырмашылығы болады. Сағатына 100 теңгелік тарифті қалалық билік халықаралық кеңесшілермен бірлесе отырып есептеп шығарды және халықтың орташа жалақы деңгейі, таксимен, қоғамдық көліктермен жүру құны ескерілді. Аталған соманы бекітердің алдында қоғам өкілдерімен, депутаттармен, қоғамдық бірлесіктермен кездесулер өткізілді», - делінген компанияның ресми жауабында.