«Қоғамдық көлікте жолаушылар заттарын, құжаттарын жоғалтып алып жатады. Егер де қоғамдық көлікте құжатыңызды жоғалтқан болсаңыз, бізге Instagramm немесе Faceebok желісі арқылы хабарлама қалдырып, құжатыңызды қайтарып алуыңызға болады», делінген хабарламада.
Компанияның мәлімдеуінше, қыркүйек айында автопарк диспетчерлеріне көлікте ұмыт қалған көптеген құжаттар тапсырылған. Олардың арасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, зейнетақы кітапшалары, әскери куәлік сондай-ақ кеңсеге кіруге рұқсат беретін құжаттар бар.