- Қазіргі уақытта бағаналарды орнату жұмысы 90%-ға, ал бетон арқалықтарды орнату 68%-ға аяқталды. Аялдамалардың құрылысы 80%-ға дайын. Бекітілген жоспар бойынша, негізгі құрлыс жұмыстарын 30 тамызға дейін аяқтап, бағаналардың арасы толықтай жалғасады, - деді Хан Юлон.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта учаскеде 1605 жұмысшы бар.
- Астананың маусымдық ерекшелігін ескере отырып, құрылыс жұмыстары жаз айларында қарқынды жүреді. Негізгі құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін, жоба келесі кезеңге өтеді, - деді China construction бас менеджері.
Айта кетейік, Astana LRT құрылысы 2017 жылы мамыр айында қытай компаниялары кәсіпорындарының консорциумы күшімен басталған. Жоспарға сәйкес, LRT желісі әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады, ұзындығы - 22,4 км. Қала бойынша 18 станция және 19 бірлік жылжымалы құрам болады.