Астана LRT қатысты шағымдарды қайда жолдауға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» қалалық автобустарға қатысты арыз-шағымды 109 қызметі арқылы қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап, барлық өтініштер мен арыз-шағымдар Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының 109 нөмірі арқылы қабылданады. Колл-орталық операторлары арнайы оқытудан өтті, сондықтан қоғамдық көлік жұмысы туралы сапалы консультация ала аласыздар. Бұл өзгерістер сіздер үшін қолайлы болады деп үміттенеміз», - деп жазды Астана LRT компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаева Facebook желісінде.

Оның айтуынша, «Астана LRT» өзге де ресурстардан (қосымша, ресми хаттар, 109 қызметі) келіп түскен өтініштермен жұмыс істеуді жалғастырады.

Фото:astana.gov.kz