«Иә, шынында да, қол валидаторлары бүгінгі күні жеткізілді. Бірақ бұл валидаторларды жаңа форматтағы автобустарды әкелу кешіккен жағдайда ескі бағдарларда (автобустарда - авт.) қолдану жоспарланған болатын. Олар төлемнің альтернативті әдісі ретінде валидатормен жабдықталмаған 18 маршруттың кондукторларына таратып берілмек болды. Бірақ, жаңа автобустар уақытылы келіп жатыр (олардың қажеті болмай қалды - авт.)», - дейді Бейбіт Есжанов тілшілерге арналған пресс-тур барысында.
Ол сонымен бірге, қол валидаторларының бірнеше, атап айтқанда, карталарды толтыру, ақының төленгенін тексеру қызметтері бар екенін атап өтті.
Бейбіт Есжановтың айтуынша, 2014 жылға дейін Астанада қазіргі заңнамаларға сәйкес келмейтін автбустар қатынап жүрген (қолданыста жүргеніне 14 жылдан асып кеткен). 2014 жылы қоғамдық көліктер құрамы жаңартылып, 357 ИВЕККО автобустары сатып алынған. Жұмыс мұнымен тоқтамай, елордаға 2015-2016 жылдары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тағы 380 автобус әкелінді. Қазіргі таңда қала ішіндегі 1 140 автобус күніне 800 мың адамға қызмет көрсетеді.