Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, жаңа мекенжайға көшкен орталық кассаның қызмет қызмет көрсету терезелерінің саны 6-дан 10-ға артады.
«12 қарашадан бастап орталық кассаның мекенжайы өзгертіледі. Жаңа мекенжай: Қошқарбаев көшесі, 50/1. Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршрут қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін қамтиды. Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен», - делінген таратылған ақпаратта.
Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:30-18:00 аралығында, үзіліссіз.