Astana LRT салонына су кіріп кеткен автобусқа қатысты түсініктеме берді
Бұған дейін әлеуметтік желіде Астана көшесімен жүріп келе автобустың салонын толығымен су алып кеткені жөнінде видео тараған еді.
«Желіде тараған видеоға келсек, автобусты су басу қаупі болғандықтан, жүргізуші қозғалысты тоқтата алмады. Сол себепті жүргізуші су басқан аумақтан жүріп өтіп, келесі айналымын уақытша өзгертілген схема бойынша бастаған», - деп түсіндірді компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева ҚазАқпарат тілшісіне.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, қазір де Б. Момышұлы даңғылының А.Тоқпанов - Сарайшық бөлігін су басып жатыр.