«Жаңа өзгерістің арнайы жеңілдігі бар Астана тұрғындарына ешқандай қатысы жоқ. Олар бұрынғысынша қала ішінде тегін жүреді. Сол сияқты қала маңындағы Ақмола облысына жататын елдімекендердің жеңілдігі бар тұрғындары да қалаға тегін келе алады, бірақ қала ішінде жолақы төлейді» -деді Б.Игенбердинов.
Ақмола облысы бойынша жеңілдіктер қарастырылған категорияға жататын 13 мың адам бар. Оның нақты қаншасының көліктік картаны иеленгені анықталу үстінде.
«Біз бұл орайда Ақмола облысының әкімдігімен келісім жасап жатырмыз. Яғни олар жеңілдік қарастырылатын азаматтарды анықтап береді, ал оларға қаражат облыс бюджетінен бөлінеді, соның негізінде екі жақты келісімшарт жасасамыз», -деді басқарма төрағасы.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Астана қаласы бойынша жобамен 230- 240 мың тұрғынның көліктік картаны қолдануға көшкені айтылды.