«Астана» - «Манчестер Юнайтед»: Команда құрамы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі «Астана» - «Манчестер Юнайтед» кездесуіне шығатын ойыншылар құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана» ФК ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі алаңға шығатын ойыншылар құрамын жариялады. Сонымен «МЮ» командасына қарсы мына футболшылар ойнайды:

Қақпашы: Ненад Эрич

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина

Жартылай қорғаушылар: Иван Маевский, Абзал Бейсебеков, Рунар Мар Сигурьонссон, Дорин Ротариу

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев, Сергей Хижниченко.

Қосалқы құрам: Александр Мокин (Қ), Серікжан Мужиков, Дидар Жалмұқан, Юрий Перцух, Рангело Янга, Владислав Прокопенко, Мади Жакипбаев.

Бас бапкер: Роман Григорчук

Ал «МЮ» төмендегідей құраммен шығады:

Қақпашы: Грант

Қорғаушылар: Шоу, Бернард, Туанзебе, Лейрд

Жартылай қорғаушылар: Левитт, Гарнер, Лингард, Чонг, Гомес

Шабуылшы: Гринвуд.

Бас бапкер: Уле-Гуннар Сульшер:

Естеріңізге сала кетелік, екі команда L тобында сынға түседі. Қазіргі таңда турнир кестесінде «Манчестер Юнайтед» 10 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал «Астананың» қоржынында әзірге бірде-бір ұпай жоқ, соңғы орында тұр. Екінші-үшінші орындардағы Голландияның «АЗ Алкмарының» 8, Сербияның «Партизанының» 4 ұпайы бар.

Фото: vk.com/astanafootballclub