«Астана» «Манчестер Юнайтедпен» ойнайтын құрамын жариялады
09:01, 17 Қыркүйек 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» футболшылары Англия сапарына аттанды. Олар 19 қыркүйек, бейсенбі түнінде Еуропа лигасы топтық кезеңінің бірінші турында «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Елордалық ұжым Манчестерге мына құраммен барды:
Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов;
Қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич, Дмитрий Шомко;
Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу, Дидар Жалмұқан;
Шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Мұртазаев и Фирмин Мубеле.
Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.