Астана маңына қатынайтын 12 автобус тоқтап қалды
10:40, 11 Желтоқсан 2023
«City Transportation Systems» ЖШС Астана қаласының маңына қатынайтын 12 автобус жолаушылар тасымалының желісінен уақытша шығарылғанын жазды, деп хабарлайды Kazinform.
Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі), қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияд», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, қоғамдық көлік қозғалысы бойынша барлық өзгерістерді @cts_kz парақшасынан бақылауға болады.