Астана маңында 160 мыңға жуық адам тұрып жатыр

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана маңындағы аймақ халқының саны қарқынды өсіп келеді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 160 мың адамды құрайды.

Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана қаласының бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС хабарлады.

Бүгінде елорда маңындағы аймақта 80 ауылдық елді мекен бар, онда 160 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Компанияның болжамынша, 2035 жылға қарай елорда маңындағы аймақ халқының саны 236 мың адамды құрауы тиіс.

«Болжамдарға сәйкес, 2035 жылға қарай Астана маңындағы аймақ халқының саны 236 мың адамды құрайды. Яғни, бұл көрсеткіштің өсуінің резерві алдағы 20 жылда 80 мың адам болмақ», - дейді «Астана қаласының бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директорының орынбасары Гүлнар Құсайынова.

Айта кетейік, қазіргі уақытта халықтың саны 2015 жылға болжанған көрсеткіштерден артық болып отыр.