Астана маңында «Ауди» көлігі түгі қалмай жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана жанында орналасқан Қосшы елді мекенінде Ауди көлігі түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Целиноград ауданына қарасты Қосшы елді мекенінде «Ауди А-3» көлігі өртеніп, түгі қалмай жанып кетті. 08-02 минутта өрттің алды алынып, 08-20-да толықтай өшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайдайды жоюға Ақмола облыстық және Астана қалалық мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің қызметкерлері жұмылдырылды», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.