«Кезінде 14 мың гектар жер меншікке берілген. Ал елорданың көлемі 71 мың гектар жерді қамтиды. Сол 14 мың гектарды осыдан он жыл бұрын алып, алайда, ол жерлер игерілмегеннен кейін тиісті мәселе көтерілді. Бұл мәселені Елбасының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары қарап жатыр. Оның екі мың гектарындай алқабы қазір мемлекеттің қорына қайтарылып, қалғаны қаралып жатыр»,-деді әкім.
Осы орайда И. Тасмағамбетовтің айтуынша, бұл учаскелерді алғандар инвестициясын салып сол жерлерді игеруді бастайды немесе олай болмаған жағдайда міндетті түрде жер мемлекетке қайтарылады.