Министрдің сөзіне қарағанда, бұл жоба төрт жаңа су қоймасын салуға мүмкіндік береді. Оның бірі Софиевка су қоймасы Астанадан 30 шақырым жерде орналасуы мүмкін. Бұған 2 млрд. текше метрге дейін су жиналады. Атап айтқанда Н. Қаппаров бұл көл елорданың микроклиматын жақсартуға септігін тигізетіндігін сөз етті.
«Мәселен, салыстырмалы түрде алсақ, Бурабай курорттық аймағындағы барлық үш көлдің су көлемі 300 млн. текше метрге тең. Ал Астана маңындағы көл сегіз есеге жуық көлемде артық болады», - деді ведомство басшысы.
Бұған қоса өзге үш су қоймасы да осындай көлемді қамтымақ. Сонымен қатар 30 елді мекен сумен толық қамтамасыз етіледі.