Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды.
«Тексеру барысында полигонның көлемі шамамен 50 м3 құрайтындығы анықталды. Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы материал тіркеді. Бұдан әрі қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада.
Фото: pbs.twimg.com