Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген мұражай директоры Болат Жүнісбеков мәлім етті.
Бақ аталмыш ауылда орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражайы кешенінің жанынан орын теппек.
Б.Жүнісбековтың хабарлауынша, жоба үшін мұражай жанынан 2 гектарға жуық жер бөлінді. Күзде бұл аумаққа ағаш отырғызу жұмыстары басталады.
«Биыл Алаш үкіметінің құрылғанына 95 жыл толды. Осыған орай, біз мұражай жанынан «Алаш бағын» ашуды ұйғардық. Қазіргі кезде біз ол жерді қоршай алмай отырмыз. Сол мәселе ғана қиындық туғызып отыр. Алаш бағында біз қазақ халқының дархан даласының көріністерін қоюды жоспарлаудамыз», - дейді Б.Жүнісбеков.