«Астана-Павлодар», «Астана-Қостанай» бағытындағы жолдың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын № 306, 307, 310, 311, 317, 319 автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, «Астана-Қарағанды» бағытындағы жолдың жабылуына байланысты қаламаңындағы ауылдарға қатынайтын № 313, 315, 316, 318 автобус бағдарлары да тоқтатылды.
Автобустардың жүруіне қатысты ақпарат қосымша хабарланады. Мәліметтерді Астана LRT компаниясының Фейсбуктегі және Инстаграмдағы парақшасынан, alrt.kz сайтынан білуге болады.
Еске сала кетсек, Астанадан шығатын бірқатар жолдың жабылғанын хабарлаған болатынбыз.