Астана маңындағы азық-түлік белдеуі бойынша 75 жоба жүзеге асады

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана маңындағы азық-түлік белдеуі бойынша 45 млрд. теңгенің 75 жобасы жүзеге асады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді.

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда аталған бағытта 17 млрд. теңге шамасындағы 19 жоба жүзеге асырыла бастаған. «Жалпы, жүзеге асқан жобалар арқылы жыл соңына дейін Астана қаласы халқының етке қажеттілігін - 46 пайызға, сүт пен сүт өнімдеріне - 41 пайыз, жұмыртқаға -100 пайыз, картопқа 80 пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалатын болады», - дейді облыс әкімі.