Мессенджер арқылы таралған аудиохабарламада ер адамның дауысымен бөгеттің бұзылғаны, қала әкімі құтқару жұмыстарына адамдар мен техника бөлу үшін ұйымдарды жинағанын айтады. Хабарламада әуежай, Рождественка, Қосшы елді мекендерінің тұрғындарын сақ болуы, оқыс оқиғаға дайын болуы керектігі ескертілген.
Еске сала кетсек, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың не ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не заңмен қорғалатын қоғам немесе мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5000 АЕК айыппұл салынады не 2-ден 5 жылға дейін түзеу жұмыстарына тартылады не сол мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін.