Осы ауылдың керегесін қалап, бүгінгідей іргелі елге айналуына еңбегі сіңген «Жаңа қадам» қоғамдық бірлестігі жаңа мешіттің салынуына да себепкер болды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының иелігіне өткен бұл ғибадатханаға тағайындалар имамды аталған басқарма арнайы әкеліп таныстырады.
Көпшіліктің зарыға күткен күнінің бірі мешіттің салтанатпен ашылып, жамағаттың пайдалануына берілуі десек, алдағы қасиетті жұма қалың қауымды сол жақсылықтың қуанышына ортақтасуға шақырып отыр.
Атаулы шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен Ақмола облыстық діни басқармасының өкілдері, Қоянды елді мекенінің әкімшілік тұтқасы болған Целиноград ауданының басшыларды қатысады деп күтілуде.
Мешіттің салтанатты ашылуынан кейін шағын ас беру жоспарланған. Келемін деушілерге есік ашық.