КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астана маңындағы орманды алқаптан белгісіз адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчуктің мәліметі бойынша, адамның мүрдесін Астана қаласының тұрғыны тамыздың 17-сі күні кешкі сағат 19:00-дер шамасында «Астана-Қостомар» тасжолының бойындағы орман алқабында көрген. Кейін дереу Аршалы аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне хабарлаған.
«Қазіргі кезде, мүрденің кім екенін анықтау мақсатында соттық медициналық сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді Гүлнар Пинчук.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.