Астана маңындағы Шұбар ауылына автобус қатынайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңындағы Шұбар ауылына автобус қатынайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.

«Шұбар ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалық!

2018 жылдың 12 қарашасынан бастап №318 бағдар Малотимофеевка ауылынан қалаға қарай қатынайтын бағытта Шұбар ауылы арқылы жүретін болады», - делінген хабарламада.