«Ақ амур шабақтары одан әрі балықтың бұл түрін аулау және мелиорациялау мақсатында жіберілді. Ақ амур тек өсімдіктермен және су түбіндегі қалдықтармен ғана қоректенеді. Екі жылдан кейін олардың көмегімен су қоймалары қамыстардан тазартылады, ал балықтың салмағы 20 кг жетеді», - делінген ведомство ақпаратында.
Балықтың бұл түрін «тазалаушы балық» деп те атайды. Ол астаналық балық питомнигіне Тараздан арнайы әкелінді. «Жас Нұр» кәсіпорнының бас инженері Қайрат Бижановтың айтуынша, ақ амурдың 40 пайызы ғана бейімделеді.
«Айта кетейік, ақ амурды су қоймаларына жіберудің арқасында екі мақсатқа бірден қол жеткізіледі. Атап айтқанда, аулайтын балық көп болады және су қоймалары абаттандырылады», - дейді бөлімдегілер.