Аудан әкімінің сөзінше, Астана агломерациясы аймағына енген аудандағы жеті елді мекеннің ішінде Жібек жолы ауылы да бар. Ауыл елордаға жақын болғаннан кейін, оның тұрғындарының саны жыл санап артып келеді. Осыған орай, мектепте орын тапшылығы байқалуда.
"Қазіргі кезде, ауылда барлығы 6,2 мыңнан астам тұрғын тіркелген болса, нақты 16 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Тұрғындар санының көбеюінен мектеп тапшылығы да сезіліп тұр. Мəселен, Жібек жолы ауылындағы 2 мектептің мүмкіндігі 920 балаға арналған болса, бүгінгі күні мұнда 1340 оқушы білім алуда. Сол себепті, өткен жылы құны 885 миллион теңгеге 300 орындық мектептің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттар əзірленді. Жобаны жүзеге асыру 2018-2019 жылдарға белгіленіп отыр", - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, ауылдағы су жəне электрмен жабдықтау мəселесін де шешу қолға алынуда. Қазіргі кезде, су, жол жəне электрмен жабдықтау көлемі 30 пайыз болса, инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырған кезде бұл көрсеткішті 85 пайызға жетеді.