Құтқарылған 70 адамның бесеуі - балалар. Апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 200-ден астам жеке құрамы мен жол талғамайтын 40 арнайы техника жұмылдырылды.
Иманқұловтың айтуынша, қала бойынша автокөліктерге (нақты саны анықталуда), жеке үйлер мен көпқабатты үйлердің шатырларына зақым келу оқиғалары тіркелген.
«13:00-ге дейін «112» нөміріне 3100 қоңырау келіп түскен, оның 850 хабарламасы жабылған жолдар мен көмек көрсетуге қатысты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, апаттық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда», - деп атап өтті Руслан Иманқұлов.