Үздіктер тізімінде сондай-ақ Бішкек,Ташкент, Душанбе, Минск, Кишинев, Нью-Дели, Исламабад, Ашхабад секілді әлем астаналары бар.
«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС рейтингті құруда көп факторлы зерттеу пайдаланылған. Сарапталған көрсеткіштер бес топқа біріктірілген:
Материалдық-техникалық база - қаланың әртүрлі форматтағы іскерлік шараларды қабылдап, өткізу мүмкіндігін айқындайды.
Аймақты ілгерілету - іскерлік және ойын-сауық шараларын өткізуге тартымдылығын, оның туристік әлеуетін көрсетеді.
Ивент индустриясы саласында дестинация саясаты - нарықтың барлық қатысушыларының әкімшілік үйлестіру деңгейін байқатады.
Ірі оқиғаларды өткізу - әртүрлі деңгейдегі шараларды ұйымдастырушыларға дестинацияның тартымдылығын көрсетеді. Соңғы үш жылда ауқымды халықаралық шараларды (спорттық, мәдени, іскерлік, үкіметтік) өткізу тәжірибесі бағаланады.
Аймақтың рекреационды мүмкіндіктері - дестинацияның туристік контентінің тартымдылығын білдіреді. Айта кетейік, дестинацияның оқиғалық мүмкіндіктер рейтингісі - қазіргі таңда ресейлік нарықта баламасы жоқ жоба.
Рейтингтің авторы Көрмелік ғылыми-зерттеу орталығы R&C - Ресейдегі ивент индустрияда маркетингтік және консалтингтік қызметтердің толық спектрін ұсынатын жалғыз компания.