«Бүгінгі шараға өте қуаныштымын. Марафонға қала тұрғындары, шетелдік меймандар, Үкімет басшысы мен министрлер, спортшылар қатысқанын көрдім. Атап айтқанда, елімізде спортқа осындай қарқынмен көңіл бөліп тұрса, жас буыннан бұдан ары қарай жақсы нәтижелер күтуге болады деп сенемін. Тығыз уақыттарын бөліп келгендері үшін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына риза болып отырмын. Олар соңына дейін бір қарқынмен 21,1 шақырымды бағындырды»,-деді спортшы.
Марафон қашықтығы Астанадағы Есіл, Алматы және Сарыарқа аудандарын қамтып отыр. Осы ретте спорттық шара бірнеше санатта өтеді, яғни 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым қашықтықта жүгірулер ескерілген.