Астана марафонында қызмет атқаратын төрешілер құрамы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана марафонынында қызмет атқаратын төрешілер құрамы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мәліметінше, халықаралық марафонға 47 қазақстандық төреші тартылған. Оның ішінде жоғары дәрежедегі ұлттық төреші - 8, бірінші дәрежедегі төреші - 28.

Облыстардың арасында ең көбі - Қарағанды облысынан. Орталық Қазақстанның 19 қазысы Астана марафонына төрелік етуге бекітілген. Сондай-ақ Астанадан - 11, Алматыдан - 7, Шымкенттен - 5 рефери келеді. Төрешілер корпусын тәжірибелі әрі беделді мамандар Анатолий Рогачев (Қарағанды) пен Игорь Новицкий (Алматы) басқарады.

Айта кетейік, марафонды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы және «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы бірігіп өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, марафон үш кезеңді қамтиды. Ең ұзақтығы - 42 шақырым 195 метр, орта қашықтық - 10 шақырым. Одан бөлек, ЭКСПО-2017 көремінің құрметіне орайластырылған 2017 метр бар.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін ШЫҰ мен АӨСШК халықаралық марафоны 27 тамызда таңғы сағат 07:30-да басталады.