Астана медицина университетінде «Адалдық дүкені» ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана медицина университетінде кассалық аппаратсыз жұмыс істейтін «Адалдық дүкені» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылған.

Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың «Астана медицина университеті» АҚ жұмыс сапарында университет ректоры Мәжит Шайдаров мәлімдеді.
 

«Адалдық дүкенінде» студент қажетті тауарды сатып алып, арнайы қорапқа ақшасын қалдырады. Яғни, кассалық аппараттың көмегінсіз  жұмыс істейді. Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталған», - деп хабарлады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, университетте студенттерге қызмет көрсететін «e-University» орталығы ашылды.

«Орталық арқылы жатақханаларда электрондық есеп жүргізуге болады, бұл өз кезегінде бөгде тұлғаларсыз онлайн-жүйеде бөлмелерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Алик Шпекбаев пен Бақыт Сұлтанов Орталықтың жұмысын оң бағалады және бұл тәжірибені елорданың басқа университеттері мен колледждеріне таратуды ұсынды», - делінген ресми хабарламада.