деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан халқының бірлігі күні мен Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында өткелі тұрған бұл шараны Астана қаласындағы Өнер университеті ұйымдастырып отыр.
Медицина саласында жас ұрпаққа тәлім беріп жүрген ұстаздар мен студенттер алдында жас дарын иелері тегін өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасына сәйкес шағын өнер ұжымы күй тартып, ән шырқайды. Ұйымдастыру ісіне Өнер университетінің ұстазы Тельман Нүркенов жетекшілік етеді.
Мерекелік концерт сағат 15-00-де басталады.