Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Биыл ҚМДБ-ға қарасты оқу ордасын «Исламтану» мамандығы бойынша 18 шәкірт аяқтады. Қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған, білім алуға жан-жақты жағдай жасалған медреседен түлеп ұшқалы отырған шәкірттер жер-жердегі мешіттерге қызметке тағайындалды. Дінбасы болашақ дін қызметкерлеріне батасын беріп, шәкірттерді дінге адал қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, Астана шәкірттеріне Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Қ.Маханбет, Қажылар қауымдастығының төрағасы Е.Дуанаев та өздерінің ізгі тілектерін білдірді.